Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Қонаев қаласында спорт кешенінің құрылысы басталады

Бұл туралы Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасының алқа мәжілісінде айтылды.

02.02.2023
Аймақ

Аталған басқарманың басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың айтуынша, облыста спорт инфрақұрылымын жетілдіру арқылы бұқаралық спортты дамыту қажет. Ол үшін 2023 жылдың 1-тоқсанында Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы мен Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында спорт кешендерінің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Ал жыл соңына қарай Қонаев қаласы мен Жамбыл ауданы Тарғап ауылында кешендердің құрылысы басталмақ.

«Қазіргі таңда облыс бойынша 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 4 спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жоғарыда аталған жоспардан бөлек, биыл Шеңгелді, Заречный ауылдары және Іле ауданы Байсерке ауылына спорттық нысан тұрғызу бойынша жобалық-сметалық құжаттың (ЖСҚ) қорытындысы алынады», — деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Басқарма басшысының мәліметінше, биыл 8 спорт нысанының ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлінді. Олар:

  • 3 нысан — Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би, Қазақстан, Тескенсу ауылдары;
  • 1 нысан – Іле ауданы Түймебаев ауылы;
  • 2 нысан – Райымбек ауданы Текес, Қайнар ауылдары;
  • 1 нысан – Кеген ауданы Жалағаш ауылы;
  • 1 нысан – Қарасай ауданы Шамалған ауылы.

Сондай-ақ басқарма басшысы жергілікті спорт бөлімдерінің аудан және ауылдарда спорт алаңын салу жұмысын ілгерілету керек екенін айтты.

«Тағы айта кететін мәселе – аудандық спорт бөлімдері жергілікті әкімдік тарапынан әр ауданда, ауылдарда спорт алаңдарын салу үшін жұмыс жасауларыңыз қажет», — деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Тегтер: Алматы облысыспорт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 778 мыңнан астам әйел тұрады — статистика

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Таяу Шығыстан 2,4 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz