Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысының жастары үшін 10-нан аса жаңа жоба іске қосылады

Бұл туралы облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры өңірлік коммуникациялар алаңында айтты.

23.02.2023
Аймақ

Мақсат Кенешев жаңашылдықтар жастар саясатын жүзеге асыруға, олардың шығармашылығын арттырумен қатар идеяларын қолдауға арналғанын жеткізді. Сонымен қатар ол өңірде жүзеге асатын бағдарламалар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

«Биыл 10-нан аса жаңа жобаны іске қосуды көздеп отырмыз. Аталған жобаның барлығы бұрын-соңды өңір аумағында жүзеге аспаған тың бастамалар. Негізгі мақсат – азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану, шығармашылығын дамыту және әлеуметтік жағдайын жақсарту», — деді орталық директоры Мақсат Кенешев.

Жобаларды жүзеге асыруға 6 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Олардың тізімі келесідей:

  • «Жайдарлы Jaidarman» аудан, қала, облыс әкімінің кубогы ойындары;
  • «Ауыл жастары» спартакиадасы;
  • жас отбасыларды қолдау мақсатында «Үлгілі отбасы» атты жас отбасылар байқауы;
  • «Студенттік көктем» студенттер фестивальі;
  • «Жүректен жүрекке» мүмкіндігі шектеулі жастардың арасында байқау;
  • «Жастарға ақпарат» мемлекеттік бағдарламалармен ақпараттандыру жобасы;
  • «Заманауи би» байқауы және т.б.

Сонымен қатар орталық директоры былтыр қолға алынған «Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасының биыл да жүзеге асатынын айтты.

Айта кетейік, Алматы облысында 14 пен 29 жас аралығындағы 280 мыңнан астам жас бар. Олар үшін 1 облыстық және 9 аудандық жастар ресурстық орталығы жұмыс істеп тұр.

Тегтер: Алматы облысыжаңа жобажастар

Соңғы жаңалықтар

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында ангиографиялық бөлімше ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

Бақанас ауылында жаңа тарихи-өлкетану музейі ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz