Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында 532 отбасы тегін экоға қол жеткізе алады

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, биыл өңірдегі 532 отбасыға «Аңсаған сәби» бағдарламасы игілігін көру мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
16.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Ашық дереккөзден

Фото: Ашық дереккөзден

Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023 жылдары 19 000-нан аса әйелге ЭКО жасалыпты. Олардың 7000-нан астамы жүкті болған. Айта кетейік, эко орталықтарына қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы төленеді.
2023 жылы Алматы облысында 523 отбасы тегін экоға қол жеткізді. Биыл олардың саны артып отыр. Жалпы, экстракорпоральды ұрықтандыру еліміздегі 19 клиникада жүргізіледі. Оның 7-і Алматы қаласында. Алматы облысында әзірге ондай орталықтар жоқ. Алматы облысындағы отбасылар осы клиникалар көмегімен балалы болуға тырысып жатыр. Квота алғысы келетін пациенттің мәртебесі сақтандырылған болуы тиіс. Алдымен сәби сүйгісі келетін жұп репродуктологтың кеңесіне бару керек. Оған жолдаманы өз емханасындағы гинеколог береді. Қажетті тексерілулерден соң, пациенттің ЭКҰ жасауға көрсеткіштері сай келсе, құжаттарды жинап, дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді. Комиссия оң шешім шығарған жағдайда, жұп кезекке тұрады. Былтыр облыс орталығында 30-ға жуық әйел мемлекет игілігін көрді, яғни тегін эко жасалды.
Жылына МӘМС аясында 1 рет тегін экоға ие болады. Талпынысы сәтсіз аяқталған жағдайда келесі жылға кезекке тұра алады. Оның үстіне жасанды ұрықтандыру қызметіне (ЭКҰ) бірнеше рет жүгінетін отбасылар болады. Кез келген отбасына бұл мүмкіндік беріле бермейді. Мысалы, қан қысымының ІІ, ІІІ дәрежелі аурулары, қант диабетінің ІІІ дәрежелі ауруы, психологиялық дерті бар аналық жасушасының ақаулары бар, қатерлі ісікке шалдыққан, инсульт алған әйелдерге болмайды. Өйткені, келіншектің өміріне қауіпті болып саналады.

Тегтер: «Аңсаған сәби» бағдарламасыАлматы облысыБасты жаңалықтарМӘМСЭкоэкоға квота

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz