Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында 28 мектеп салынады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты.

03.03.2023
Аймақ

«Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасы бойынша Алматы облысына жалпы сомасы 382,5 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл өңірде 63 мектеп салуға жеткілікті қаражат. Биыл оның 59,2 млрд. теңгесі бөлініп, 28 нысанның құрылысы басталады», — деді Сапар Нұрашев.

Басқарма басшысының айтуынша, қалған 35 мектеп құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылдың соңына дейін толығымен 63 мектеп құрылысын аяқтау жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша:

  • Еңбекшіқазақ ауданында 13 нысан;
  • Талғар ауданы мен Іле ауданында 14 нысаннан;
  • Қарасай ауданында 12 нысан;
  • Жамбыл ауданында 8 нысан;
  • Қонаев қаласында 2 нысан салынады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Сапар Нұрашев «1000 мектеп» жобасы аясында биыл Алматы облысында 16 мектеп қолданысқа берілетінін айтты. Яғни, бұл оқушыларды 15 750 жаңа оқу орындарымен қамтамасыз етеді.

«Жаңадан ашылатын мектептерге шақырылатын 650-ге жуық мұғалімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылып жатыр. Ол үшін елді мекендерде жер телімдері бөлінді және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді», — деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Алматы облысында 425 орта білім беру мектебі бар. Олардың 52-сі үш ауысымда оқытатын мектеп.

Тегтер: Алматы облысымектеп

Соңғы жаңалықтар

Новый историко-краеведческий музей открыли в селе Баканас

Николай Иващенко
09.03.2026

Специализированная кардиологическая помощь без границ: первые операции по стентированию успешно проведены в Енбекшиказахской МЦРБ

Николай Иващенко
09.03.2026

150 га земель возвращены в госсобственность в Алматинской области

Николай Иващенко
09.03.2026

Проверьте себя в списке избирателей: информация для жителей Алматинской области

Николай Иващенко
09.03.2026

Алматинской области усилены профилактические рейды по безопасности на льду

Николай Иващенко
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz