Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Бейжіңде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті

Бейжің қаласында қазақ саз өнерінің дарабозы, ұлы композитор, дирижер, Қазақстанның Халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық мәдени кеш өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мерейтой аясындағы маңызды шара Бейжіңнің Орталық концерт залында ұйымдастырылды. «Әлқисса» атты шығармашылық бағдарлама аясында көрермендерге қазақтың біртуар композиторына арналған музыкалық туындылар ұсынылды. Концерт барысында Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылық жолын бейнелейтін әсерлі әуендер орындалып, қазақ музыкасының рухани тереңдігі кеңінен насихатталды.

Салтанатты кешке Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде өңір басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстың маңыздылығын атап өтті:

«Нұрғиса Тілендиев – қазақ руханиятының алтын қазығы. Оның мәңгілік әуендері — халқымыздың жүрегінде сақталған ұлттық кодтың бір бөлшегі. Ұлы тұлғаның ғасырлық мерейтойының Бейжіңде аталып өтуі – Қазақстан мен Қытай арасындағы достықтың, өзара құрмет пен мәдени ықпалдастықтың биік көрінісі», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Ресми бөлімнен кейін Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрінің концерті өтті. Оркестрге композитордың қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиевадирижерлік етті.

Сахна төрінде сондай-ақ:

  • Қазақстанның халық артисі – дәулескер күйші Секен Тұрысбек,

  • ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Нұркен Әшіров пен Мадина Сәдуақасова,

  • және Алматы облысының өнерпаздары өнер көрсетті.

Кеш аясында ұлттық мәдениетті кеңінен таныту мақсатында қазақтың дәстүрлі қолөнері мен жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылды. Қонақтар қазақ халқының мәдени мұрасымен жақын танысып, этникалық стильдегі сән үлгілерін тамашалады.

Кешке қатысқан Бейжің қаласының тұрғыны Қаламқас Серікқызы алған әсерімен бөлісті:

«Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы – жүрекке жететін шын өнер. Күй мен әуен арқылы туған елдің рухы мен болмысы сезілді. Қытайда туып-өссем де, қазақ болып туғаныма тағы бір мәрте мақтандым», – деді ол.

Айта кетейік, ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде аталып жатқан бұл мерейтой аясында Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жыл бойы әлемнің бірнеше елінде өтеді. Алматы облысы – осы бастаманың алдыңғы қатарында.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz