Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде.

Мөлдір Иманмади
11.06.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

МӘМС КЕАҚ Алматы облыстық филиалының мәліметінше, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде 213 мыңға жуық қызмет көрсетілген. Олардың ішінде МРТ, Ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография, рентген, электрокардиограмма сынды тексерулер бар. Бұл туралы МӘМС қорының облыстық филиалы директорының дәрігерлермен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кезінде айтылды.


«Бүгін МӘМС жүйесін дамытудың жаңа бағыттары бойынша кездесу өтті. Бізге алда қандай өзгерістер енгізілетіні түсіндірілді. Бұл жүйені 2017 жылдан бері білеміз. Оның қалай дамығанын көрдік. МӘМС нәтижесінде біз денсаулық сақтау саласының алға жылжуын байқап келеміз. Аурухананың материалдық қамтамасыз етілуі, дәрігерлердің еңбекақысының өсуі сынды. Мәселен, биыл емханамызға МРТ құрылғысы орнатылды», — дейді Қонаев қалалық аурухана директорының орынбасары Қайрат Иманғалиев.
Жиынға Қонаевтағы қормен келісімшарт жасасқан жекеменшік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері де қатысты. Оларға Тілеухан Әбілдаев қордың басты мақсаты халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту екенін жеткізді.
«Кездесуде қордаланған проблемалар айтылды. Жүйенің аясындағы еліміздегі жаңалықтар енгізілген диагностикалық жаңа емдеу тәсілдері туралы, халыққа беретін мүмкіндіктері және болашақ жоспарлары туралы баяндадым. Дәрігерлер тарапынан бірқатар сұрақ қойылды. Біз Қонаевтағы медициналық мекемелерде қаржылық мәселелер жоқ екенін анықтадық», — деді қордың Алматы облыстық филиалының директоры.
Өз сөзінде Тілеухан Шілдебайұлы тұрғындардан түсетін арыз-шағымдарды азайту, халықты сақтандыру мәртебесі туралы, дәрі-дәрмекпен қамтылу, алдағы МӘМС жүйесіндегі өзгерістер, қаржыландыру тақырыптарына кеңінен тоқталды.

Соңғы жаңалықтар

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

Больше 60 дачных массивов получили статус села в Алматинской области

Николай Иващенко
27.02.2026

Сталкера осудили в Алматинской области

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz