Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балқаш ауданында көгілдір отынмен қамту қарқынды жүріп жатыр

Балқаш ауданының елдімекендерінде көгілдір отынға қосылу жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл – өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ауқымды мемлекеттік бастамалардың бірі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бүгінде ауданда газдандыру ісі жаңа қарқын алып, бірнеше ауылда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін Бақанас ауылындағы жаңа шағынаудан мен Ақжар ауылында газ құбыры толық тартылып, тұрғындарға табиғи газдың игілігі жетеді деп күтілуде.

Балқаш ауданында газдандыру ісі 2019 жылы бастау алған. Сол уақыттан бері аудан басшылығы мен жауапты мекемелер жүйелі жұмыс атқарып келеді. Аудан әкімі Азат Құтпанбетовтің айтуынша, өткен жылдар ішінде бірнеше елдімекен көгілдір отынға қосылып үлгерген.

«2023 жылы Миялы, Бақбақты, Бірлік, Бақанас, Ақдала және Бояулы ауылдарындағы 1500 тұрғын үйге газ берілді. Қазір бұл ауылдардың халқы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Ал биыл «ТурГаз» ЖШС-мен Ақжар ауылына газ желісін тартуға 809 миллион теңгеге келісімшарт жасалды. Сондай-ақ Бақанас ауылындағы жаңа ықшамауданды газбен қамтамасыз ету үшін 414 миллион теңге қарастырылған. Осы екі жоба биыл толық аяқталады», – деді аудан басшысы.

Оның айтуынша, келесі жылы Береке ауылына газ құбырын тарту жұмысы қолға алынбақ. Бұл бағытта 1 миллиард 199 миллион теңгеге мердігер компаниямен келісімшарт жасалған. Ал Бура, Үшжарма және Ақкөл ауылдарын газбен қамту 2026–2027 жылдарға арналған бюджет жоспарына енгізілген.

«Осылайша 2027 жылға қарай Балқаш ауданындағы 20 елдімекеннің 11-і, яғни шамамен 55 пайызы көгілдір отынға қосылады. Қалған ауылдар 2030 жылға дейінгі бас жоспарға енгізіліп отыр», – деді Азат Құтпанбетов.

Газдың келуі – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Бұрын жыл сайын көмір сатып алып, күл шығару, от жағу сияқты машақат көп болатын. Енді тұрғындар жылы әрі қауіпсіз үйде өмір сүрудің жайлылығын сезініп отыр.

Бақанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Үміт Байдабекова былтыр газға қосылғаннан бері тұрмыс жағдайының едәуір жақсарғанын айтты.

«Бұған дейін жылына 4–5 тонна көмір жағатынбыз. Күйеуім екеуміз жұмыста болғандықтан, балалар үшін уайымдайтынбыз. Газ қосылған соң үйіміз әрдайым жылы, әрі қауіпсіз. Бұл – біз үшін үлкен жеңілдік. Ауылымыздың газға қосылғанына қатты қуаныштымыз», – дейді ол.

Ал Ақжар ауылының тұрғыны Гүлмария Шопанбаева болса, көгілдір отынды тағатсыздана күтіп отырғанын жеткізді.

«Қазір үйімізді от жағу арқылы жылытамыз. Бір тонна көмірдің бағасы 35–40 мың теңге, оған ағаш қосылады. Бұл отбасы бюджетіне біраз салмақ түсіреді. Газ құбырының тартылып жатқанын көріп, қуанып отырмыз. Тек тезірек қосылса екен», – дейді ол үмітпен.

Бүгінде Ақжар ауылында жоғары қысымдағы 5 397 метр, орташа қысымдағы 1 127 метр және төмен қысымдағы 6 715 метр газ құбыры тартылған. 46 тұрғын үйге газ есептеуіш құрылғылары орнатылып, монтаж жұмыстары жалғасып жатыр.

Жоба аясында тек газ құбырлары ғана емес, онымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ететін заманауи инфрақұрылым элементтері де орнатылуда. Бұл – тек тұрмыс жағдайын жақсарту емес, ауылдың келешегін айқындайтын маңызды қадам.

Көгілдір отынға қосылу ауыл экологиясына да оң әсерін тигізеді. Бұрын көмір жағу салдарынан ауаға бөлінетін зиянды заттар көлемі артатын. Енді газдың келуі арқылы бұл мәселе де шешімін таппақ.

Сонымен қатар газдандыру – әлеуметтік теңдікті арттырып, ауылдық аймақтардың дамуына серпін береді. Өйткені таза энергия көзі тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, ауылда кәсіп ашуға, шағын бизнес жүргізуге де мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігі келесі жылдары қалған елдімекендерді кезең-кезеңімен газдандыруды жоспарлап отыр. Бұл бағытта жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мердігер компаниялар анықталған.

Газдандыру ісі аяқталған соң Балқаш ауданы толықтай экологиялық таза, заманауи инфрақұрылымға ие аймақтардың біріне айналмақ.

Балқаш ауданында көгілдір отын тарту – тұрғындардың әл-ауқатын көтеріп, өңірдің тұрақты дамуына негіз болатын маңызды жоба. 2027 жылға қарай ауданның жартысынан астам тұрғыны газ желісіне қосылып, тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтермек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz