Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда: ТЖД мамандары ата-аналарға үндеу жасады

Көктемнің келуімен балалардың терезеден құлап кету жағдайлары жиілеп кетті. Мамандар бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, балалардың өмірін сақтау үшін қауіпсіздік ережелерін білу және қорғаныс тосқауылдарын орнату қажеттігін ескертеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2025
Аймақ, Алматы облысы

Терезеден құлау – алты жасқа дейінгі балалар арасында ауыр жарақат алудың ең көп кездесетін себептерінің бірі. Бұл, өкінішке қарай, жыл сайын қайғылы оқиғаларға алып келіп жатады. Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен қамқоршыларға үндеу жасап, балалардың өміріне қауіп төндірмейтін қарапайым, бірақ тиімді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі жолдары:

Терезе шектегіштері мен құлыптау құрылғыларын орнатыңыз
Терезе шектегіштері терезенің 10 см-ден артық ашылуына жол бермейді – бұл ауа кіргізуге жеткілікті, әрі бала үшін қауіпсіз. Ал құлыптау құрылғылары терезені толық жауып, оны тек ересек адам ғана аша алатындай етеді.

 Маскиттік торларға сенім артпаңыз
Маскиттік торлар баланың салмағын көтере алмайды. Оларды сәл итерсе де, опырылып кетуі мүмкін. Терезе қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тек берік орнатылған металл торлар немесе арнайы қорғаныс экрандарын қолдану керек.

Балаларға терезе маңындағы мінез-құлық ережелерін үйретіңіз
Балаларға терезе жанында ойнауға, подоконникке шығуға, рұқсатсыз терезе ашуға болмайтынын түсіндіру керек. Сондай-ақ, терезеге көтерілуге себеп болатын жиһаздарды алыстатқан жөн.

Алдын алу бағытында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз
Терезе маңына көзге көрінетін ескертулер – түрлі-түсті жапсырмалар, жазбалар орналастырыңыз. Балалар ересектердің қарауынсыз қалған кезде немен айналысып жатқанын міндетті түрде бақылаңыз.

ТЖД мамандарының айтуынша, бұл қайғылы жағдайлардың бәрін алдын алуға болады. Бар болғаны – қарапайым қорғаныс құралдарын орнатып, балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажет.

Фото: pravmir.ru

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz