Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Азия сарапшысы: Алатау Қазақстан экономикасына мультипликативті серпін береді

Алатау қаласы жалпы құқықтың жаңа жүйесі мен ынталандырудың арнайы режимдерін енгізу арқылы халықаралық корпорациялар үшін тартымды бизнес-орта қалыптастырмақ. Бұл туралы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы және Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Хэн Файн Вонг мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оның айтуынша, жаңа қала шетелдік инвесторлар мен жаһандық компанияларға таланттар мен капиталды еркін тартуға мүмкіндік беретін түбегейлі жаңа жұмыс моделін ұсынады. Бұл үдерісте Gate District қаржы кластерінің рөлі ерекше болмақ. Кластер «Астана» халықаралық қаржы орталығымен интеграцияланып, халықаралық қаржы қызметтерін жаңа деңгейге шығаруға бағытталады.

«Бұл қазақстандық ЖІӨ-нің өсуіне елеулі үлес қосады деп ойлаймын. Мұнда мультипликативті әсер бірнеше еселенуі мүмкін. Таңдайтын секторымызға байланысты нәтиже де әртүрлі болады. Біз PropTech, криптовалюталар және жаңа цифрлық активтерге басымдық береміз. Бұл — Қазақстанның өзге өңірлерінде әзірге жоқ жаңа индустрия түрі», — деді Хэн Файн Вонг.

Smart City және төмен биіктіктегі экономика

Алатау қаласы смарт-технологиялар мен «төмен биіктіктегі экономика» саласын дамыту үшін де негізгі платформа ретінде қарастырылуда. Бұл бағытта пилотсыз ұшу аппараттары, роботтандырылған таксилер және автоматтандырылған көлік шешімдерін сынақтан өткізу жоспарланған. Осы мақсатта арнайы реттеу режимі енгізіледі.

«Егер бұл жобалар Алатауда «құмсалғыш» форматында тиімді жұмыс істесе, кейін оларды бүкіл Қазақстанға кеңейтуге болады. Бұл ел ішіндегі экономикалық белсенділікті айтарлықтай арттырады. Мысалы, цифрлық активтер саласында жылжымайтын мүлік пен жерді токенизациялаудың жаңа модельдері пайда болып, шетелдік және отандық инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптасады», — деді спикер.

Халықаралық саудадағы стратегиялық рөл

Хэн Файн Вонг Алатаудың геостратегиялық орналасуына да назар аударды. Қала Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі көлік бағыттарының түйіскен жерінде тұр. Бұл батыс Қытайдан шығатын жүктерді шығыс порттарын айналып өтпей, тікелей транзиттеуге мүмкіндік береді.

Бұл артықшылық Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар үшін жаңа мүмкіндік ашып, өңірдің логистикалық әлеуетін күшейтеді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz