Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобалар жалғасуда

Алматы облысында ауылдық аймақтардың әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

2024 жылы бағдарлама аясында жалпы сомасы 2,5 миллиард теңге болатын 271 жоба қаржыландырылды. Ал 2025 жылы дәл осындай көлемде тағы 217 жобаға қолдау көрсетілмек.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру, өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін көтеру және шағын бизнесті дамыту. Ең көп сұранысқа ие бағыттар – мал шаруашылығы, егіншілік және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру.

«Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға нақты мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жаңа отбасылық фермалар мен қайта өңдеу цехтары ашылуда», — деді Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Ғалым Тоқпейісов.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауылдық аймақтарда жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, өңірлік экономиканы әртараптандыруға және жергілікті өнім өндірушілердің әлеуетін арттыруға жол ашуда.
Алдағы жылдары бағдарлама аясында қолдау тапқан жобалар саны артып, ауыл кәсіпкерлігінің жаңа толқынын қалыптастыру көзделіп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz