Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мемлекет 50% субсидия бөледі

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов АӨК өкілдерімен кездесіп, «Ауыл аманаты» жобасы жайлы сөз қозғады.

07.04.2023
Аймақ

«Бұл жоба бойынша облысқа 9 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Өңірдегі бірқатар ауылда бағдарлама пилоттық режимде іске аспақ. Біз өз тарапымыздан нақты шаруашылықтарға тез арада қаржыны берудің негізгі жолдарын қарастырып қойдық», — деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде Алтай Көлгінов республика тұрғындарының жартысы ауылдық жерде тұратынын, соған орай, мемлекет басшысы сайлаудан кейін «Ауыл аманаты» жобасын іске қосқанын айтты.

«Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — азаматтарға өз кәсібін ашуға мүмкіндік беру. Жобаны жүзеге асыру үшін республика бойынша 1 тлрн. теңге қаражат бөлінді», — деді Алтай Сейдірұлы.

ҚР Премьер-Министрі орынбасарының мәліметінше, «Ауыл аманаты» шеңберінде шаруаларға 8 млн. 600 мың теңгеге дейін 2,5% қаржы беріледі. Егер шаруалар бірігіп, кооперация құрса, 27 млн. теңгеге дейін ақшалай қолдау алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ олар қажетті техника алатын болса, негізгі сомасының 50 пайызына мемлекет тарапынан субсидия беріледі.

«Алматы облысы ауыл шаруашылығына қолайлы аймақ. Осы мүмкіндікті құр жібермей әрекет етіңіздер. Өйткені пайыздық мөлшерлеме төмен. Басты шарт кепілге қоятын мүлкіңіз болу керек. Себебі, алған қаражатты мемлекетке қайтарасыздар», — деді Алтай Көлгінов.

Кездесуге келген шаруалар алма бағын салуды, көкөніс өсіру, ірі қара мал басын көбейтуді көздейтіндерін айтты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов облыс әкіміне құжаттары талапқа сай келген өтінім берген шаруаларға қаражатты тездетіп беруді тапсырды.

Тегтер: Алматы облысыАӨК

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

Алматы облысында сирек кездесетін түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

АҚШ Иранға соққыларды уақытша тоқтатады: Трамп мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz