Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл әкімі мен оның аппаратына қосымша функциялар берілмек

Бюджеттің IV деңгейіне қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарланып отыр.

07.04.2023
Аймақ

Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын таныстыру кезінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты.

«Жалпы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімнің және оның аппаратының бұрыннан бар функцияларын ескере отырып, заң жобасы аясында ауыл әкімі мен оның аппаратына тиісті қосымша функциялар беру ұсынылып отыр. Бұл тұрғыда көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыру және көше саудасының мониторингі (аудандық деңгейден), коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіз болуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету (аудандық деңгейден), тұрғындарға ақылы негізде қызмет көрсету сияқты функциялар ескерілген», — деді Б. Омарбеков.

Оның айтуынша, заң жобасы аясында бюджеттің IV деңгейіне қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарланып отыр:

— облыс мәслихаты бөлетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығының 50%-ы;

— жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бензинді, дизель отынын, экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткізу және басқа да өнімдер);

— жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;

— су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.

«Сонымен қатар, әкім аппараттарына ақылы қызметтерді іске асыра отырып, ауыл бюджетін көбейтуге мүмкіндік беріледі. Ол үшін әкім Кеңеспен (ауылдық округ кеңесі) келісім бойынша коммуналдық кәсіпорын құру немесе еңбекақы төлеудің кесімді жүйесімен қызметті жүзеге асыратын тиісті мамандарды тікелей жалдау арқылы қосымша жұмысшыларды тарта алады. Мәселен, әкімге Кеңеспен келісім бойынша қажетті арнаулы техниканы өз балансына сатып алуға немесе тиісті техникасы бар жергілікті тұрғынмен (кәсіпкермен) шарт жасасуға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, Кеңес бекіткен тариф бойынша осы қызмет әкім аппараты атынан ауылдың басқа тұрғындарына немесе ұйымдарына да көрсетілуі мүмкін», — деді вице-министр.

Оның пайымынша, бұл қадамдар жедел түрде кадр тапшылығын шешуге және әкім аппаратының өкілеттігі шегінде жекелеген қызметтерді орындау үшін ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: ауыләкімқосымшафункция

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz