Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауған соғысының ардагеріне Қонаев қаласының құрметті азаматы атағы берілді

Бүгін Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Қонаевта салтанатты шаралар өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдымен ардагерлер Жеңіс паркіндегі ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қан майданда қасық қаны қалғанша соғысқан ерлердің құрметіне 1 минут үнсіздік жариялады.

Ал Мәдениет үйінде өткен жиынға қаладағы Ауған соғысының ардагерлері, әскерилер, ақсақалдар, қала әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысты.

«9 жыл 10 айға созылған Ауған соғысы туралы деректерге сәйкес, Кеңес одағынан соғысқа 600 мыңнан астам адам қатысқан. Осыдан 35 жыл бұрын Ауған соғысынан 21371 қазақстандық ардагер аман есен өз отанына оралған, олардың қатарындағы 91 ардагер бүгінде арамызда жүрген Қонаев қаласының тұрғындары. Бүгінгі ұйымдастырылған шара болашақ ұрпақ үшін тәлім-тәрбие, жауынгерлік борыштың мәнін қадірлеуге бағытталған. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз — жастарға үлгі. Сіздер бейбіт өмірге араласып, отбасын құрып, саналы ұрпақ өсіріп, халық көшін алға жылжытуға, еліміздің дамуына үлес қостыңыздар», — деді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары.

Салтанатты кеш барысында Ауған соғысының ардагері Марат Калгуловқа Қонаев қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Сондай-ақ ардагерлерге 35 жылдық мерекелік медалі, Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаты, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің марапаттары табыс етілді.

Басқосу концерттік бағдарламаға ұласты. Түрлі патриоттық әндер шырқалып, ардагерлерге құрмет көрсетілді.

 

Тегтер: «Қонаев қаласының құрметті азаматы»Ауған соғысыАуған соғысының ардагері

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области 25 февраля включат сирены

Николай Иващенко
24.02.2026

Энергетики Алматинской области поддержали проект новой Конституции

Николай Иващенко
24.02.2026

В акимате Алматинской области прокомментировали информацию о «продаже» земли иностранцам в Алатау

Николай Иващенко
24.02.2026

Для пяти регионов Казахстана ввели лимиты на водопотребление

Николай Иващенко
24.02.2026

Касым-Жомарт Токаев принял председателя Центральной комиссии референдума

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz