Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ассамблеяға – 30 жыл: Алматы облысында бірлік пен достықты нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асуда

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Алматы облысында қоғамдық келісімді нығайтуға және этносаралық татулықты тереңдетуге арналған ауқымды жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Мерейтойлық жыл облыс үшін жаңа жобалар мен тың бастамалармен ерекшеленіп отыр.

Басты оқиға ретінде 2025 жылғы 30 мамырда Қонаев қаласында өткен Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXX сессиясын атауға болады. Маңызды жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық етті. Сессияда ел бірлігі мен этносаралық ынтымақтастықты ілгерілетудің өзекті мәселелері талқыланып, мерейтойлық жылдың мазмұнды бағыттары айқындалды.

Жыл басынан бері өңірде 300-ден астам түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырылып, 40 мыңнан астам адамды қамтыды. Ауқымды шараларға облыстағы 34 этномәдени бірлестіктің мүшелері, Аналар және Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері мен медиаторлар қатысты.

Мерейтой жылының тағы бір маңызды бағыты – этносаралық келісімге арналған инфрақұрылымды дамыту. Қонаев қаласы мен Ұйғыр ауданында жаңа Достық үйлерінің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сондай-ақ, этнос өкілдері тығыз орналасқан Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында Қазақстан халқы Ассамблеясының бөлімшелерін ашу жұмыстары басталды. Бұл бастама Астанада өткен ҚХА-ның XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында жүзеге асуда.

Ассамблея жұмысының ажырамас бөлігі саналатын Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесі де белсенді қызмет атқаруда. Облыс бойынша жұмыс істейтін 146 Аналар кеңесі мен 141 Ақсақалдар кеңесі жыл басынан бері 190-нан астам іс-шара өткізіп, 20 мыңға жуық тұрғынды қамтыды. Ал медиация алаңында ұйымдастырылған 36 кездесу 4 мыңнан астам адамды бір үстел басына жинады.

Жастардың бастамаларына да айрықша көңіл бөлінуде. «Ассамблея жастары» қанаты жыл басынан бері 49 жобаны іске асырып, 6 мыңнан астам жасты қамтыған.

Жыл соңына дейін өңірде этносаралық келісім мен толеранттылықты насихаттауға бағытталған тағы сегіз ірі этномәдени жоба өткізілмек.

«Біздің өңір үшін келісім мен ашық диалог – тек қағидат емес, өмір салтына айналған. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен бірліктің, мәдени көптүрлілікке деген құрметтің символы. Мерейтой жылы біз тек мәдени шаралармен шектелмей, инфрақұрылымдық жобаларға да ерекше мән беріп отырмыз. Қонаев қаласындағы Достық үйі мен Конгресс-холл – әр этностың мәдениетін құрметтейтін, әр дауысты естіп, қолдайтын қоғам құру жолындағы маңызды инвестиция», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Бұл бастамалар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық жетістігін ғана емес, болашақ ұрпаққа берік бірлік пен өзара түсіністіктің үлгісін қалдыруға бағытталған маңызды бағдар екенін айғақтайды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz