Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ана тілімізді насихаттау үшін ұстаз болдым – қазақ тілінің мұғалімі

Мұғалімдер мерекесіне орай, Alataunews.kz тілшісі Қонаев қаласындағы орта-мектеп гимназиясына барып, жас маман Айымгүл Қадырменовамен сұхбаттасып қайтты.

05.10.2023
Аймақ

Айымгүл ұстаз болуды бала кезден армандаған. Ол, әсіресе, қазақ тілін құштарлана оқып, ана тілін насихаттауды, балаларға үйретуді, тәлімгер болуды өзіне мақсат еткен. Бүгінде ұстаздың 4 жылдық еңбек өтілі бар.

«Ана тілін дамытуға ниеттеніп, өмірімді осы саламен байланыстырдым. ЖОО тәмамдаған соң тағы да оқуға түсіп, филология ғылымдарының магистрі атандым. Мектеп қабырғасында жүріп «Жас ақындар» байқауларына қатыстым. Оқушыларды тәрбиелеп, Абай, Шәкәрім, Мұқағали оқуларына апарып жүрмін», – деді Айымгүл Қадырменова.

Сондай-ақ маман мұғалімдерге мәртебе беріліп, қоғамдағы рөлі айқындалғанын алға тартып отыр.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы Жолдауында мұғалімдердің еңбекақысын жылда 25 пайызға көбейтіп, 4 жылда 100 пайыз көрсеткішке жетуді тапсырды. Содан бері мұғалімдердің әлеуметтік жағдайы жақсарды. Сонымен қатар педагогтерге мәртебе беріліп, қоғамдағы рөлі айқындалды», – деді ұстаз.

Жас маман мұғалімдерді төл мерекелерімен де құттықтап, ақ жарма тілегін айтты.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz