Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Қазақстанның құқық қорғау органдары Алматыдағы "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшыларының бірі - Данияр Әбдіғапаровқа іздеу жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz qamqor.gov.kz құқықтық статистика сайтына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
27.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ресми ақпаратқа сәйкес, Әбдіғапаров «Алтын Орда» базарының басшылық құрамында болған. Қазіргі уақытта оның қандай құқықбұзушылыққа байланысты іздестіріліп жатқаны нақты көрсетілмеген. Іздестіруді ҚР Ішкі істер министрлігі жариялаған, ал істі Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр.

2023 жылдың қаңтарында Әбдіғапаров базардың өзге басшыларымен – Жұмадин Патов, Айдос Нұрқалиев және Қанат Жақаевпен бірге алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, іздеуде болған. Сол уақытта базар сатушылары бұрынғы әкімшілікке сауда орындарын сатып алу үшін ірі көлемде қаражат бергендерін, алайда павильон құрылысы аяқталмай, ақшадан да, орнынан да айырылғандарын мәлімдеген еді. Кейін базарға жаңа басшылық тағайындалған.

Еске салайық, Алматы облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев «Алтын Орда» базарында көші-қон заңнамасынан бастап санитарлық нормаларға дейін бұзылмаған заң қалмағанын айтып, бұл нысандағы жағдайға бірнеше рет сын айтқан болатын. Оның айтуынша, базар маңындағы жатақханалардан өзенге лас қалдықтар төгілген.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz