Парк қызметкерлерінің айтуынша, бұл аймақ экожүйесінің байлығын көрсететін сирек сәттердің бірі. «Алтын-Емел» ұлттық паркі өз биологиялық әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда шамамен 1800-ге жуық өсімдік түрі өседі, олардың 29-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, ал 32 түрі экологиялық индикатор болып саналады. Сонымен қатар, паркте 70 сүтқоректі, 260 құс, төрт қосмекенді және 25 бауырымен жорғалаушы түрі мекендейді.
Мамандардың айтуынша, дала шакалы табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Ол – экожүйенің санитарлық қызметін атқаратын жыртқыш. Падальмен қоректену арқылы түрлі жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді, сондай-ақ кеміргіштердің санын азайтып, ауыл шаруашылығына да пайдасын тигізеді.
Айта кетсек, дала шакалы – орта көлемді жыртқыш, қасқыр мен түлкіге ұқсас, ит тұқымдасына жататын аң. Ол негізінен ашық дала, шөлейт және орманды алқаптарда тіршілік етеді. Қазақстанның оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде жиі кездеседі.
Бұған дейін «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген құлан бейнекамераға түсіп қалған болатын. Бұл табиғаттың байлығын сақтап, жануарлар әлемін қорғаудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдейді.





