Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

AlmaU университетінің филиалы Қонаев қаласында ашылуы мүмкін

Almaty Management University (AlmaU) Қонаевта филиал немесе оқу орнын ашуды жоспарлап отыр. ЖОО қазір білім ордасын орналастыру мүмкіндіктерін қарастыруға кірісті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

20.12.2022
Аймақ

Университет өкілдері қала әкімдігі мен облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығымен кездесу барысында осы жәйтке қатысты жоспарларымен бөлісті.

Қонаев академиялық қалашық құру жағынан болашағы жарқын, алайда креативті индустрияларды дамыту және қоғамдық көлікті дамытуды одан әрі жоспарлау, азаматтарды қаланы өзгертуге тарту ісі оданда маңызды екені айтылды.

«Біздің ЖОО көшу мәселесі жоғары оқу орындарын Алматыдан Қонаевқа ауыстыру бастамасы жарияланғанға дейін көтерілді. Бұл мәселені соңғы бірнеше жылда қарастыра бастаған едік. Өйткені университетіміздің одан әрі өсуі бойынша жоспарларымыз бар. Сондықтан қазіргі қолданыстағы алаңдарға сыймайтынымызға көзіміз жетті. Екіншіден, біз халықаралық стандарттар бойынша заманауи кампус салғымыз келеді. Сол кампуста оқу ғимараттары, заманауи зертханалар, технологиялық хаб, спорттық және мәдени мекемелер болады. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы және заманауи жағдай жасағым келеді», — деді ЖОО проректоры Бақытжан Саркеев.

ЖОО Қонаев қаласында филиал немесе университет ашуға ниетті. Қазіргі уақытта инвестор іздеу жұмысы жүріп жатыр.

«Бізге бастапқы жұмыстарға кететін шығындар бойынша инвесторлар керек. Қазір іздестіру, келіссөз жүргізу кезеңіндеміз. Сондай-ақ Қазақстанның даму банкімен ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алматы облысы әкімдігі тарапынан жер учаскесін алу, инфрақұрылым жүргізу, студенттер контингентін қалыптастыру және т.б. жағынан айтарлықтай қолдау қажет. Менің ойымша, Қонаевта әр түрлі университеттердің кампустары салынатын үлкен толыққанды академиялық қалашық құрылатын болса студенттер, жастар бұл қалаға оқуға барады. Сонымен қатар, шахардың Алматы маңында, Қапшағай су қоймасының жағасында орналасқаны да айтарлықтай рөл атқарып тұр, — деді ол.

Ал қала әкімінің орынбасары Бауыржан Балғабаев Alataunews.kz тілшісіне жақында Қонаев қаласының бас жоспары бекітіліп, содан кейін академиялық қалашықтың ауданы мен орналасатын жері нақты белгілі болатынын жеткізді.

«Жалпы, университеттер Қонаевта филиалдар ашуға қызығушылық танытып жатыр. Қазір алдын ала келіссөздер жүргізу басталды. Инвесторлар да қызығушылық танытып отыр», — деді Бауыржан Балғабаев.

Тегтер: AlmaUҚонаевуниверситет

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz