Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматының тозығы жеткен автобустары облысқа берілмек

Алматы қаласында жүріліп, тозған автобустар қала иелігінен Алматы облысының балансына берілетін болды. Бұл туралы бүгін «Алматыэлектротранс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

12.07.2023
Аймақ

«Компания мәліметіне қарағанда, Алматы облысы мен Алматы маңындағы аумақтарды дамыту және Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында және Мемлекет басшысының газбен немесе электрмен жүретін қоғамдық көліктерге көшу қажеттігі туралы тапсырмасын орындау аясында, 2022 жылы дизельмен жүретін автобустарды Алматы облысы әкімдігінің балансына беру туралы шешім қабылданды. Бұл қадам Алматы облысындағы қоғамдық көлік мәселесін біраз реттеуге мүмкіндік береді», – делінген компания хабарламасында.

Осыған байланысты 2022 жылы қазанда Алматы әкімі «Алматыэлектротранс» компаниясының иелігіндегі дизельмен жүретін 300 автобусты Алматы облысының коммуналдық меншігіне беру туралы қаулы шығарған. Өңірге берілген ЛиАЗ, ГАЗ және ПАЗ автобустарының бәрінің тозығы жеткен.

Облысқа берілген қоғамдық көліктердің орнына Алматы әкімдігі қалаға газбен жүретін 600 автобус алуды жоспарлап отыр. Мұның 100-і биылғы айдың соңына дейін, қалған 500-і жыл соңына дейін жеткізілмек.

Тегтер: автобусалматы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz