Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматылық құтқарушылар Іле Алатауында адасқан екі туристі тапты

2023 жылғы 26 наурызда сағат 23:32-де Алматы ТЖД кезекші-диспетчерлік бөліміне "Аюсай" шатқалы мен сарқырамасының аумағында тауда ер адам және әйел адам жоғалып кетті деген хабарлама келіп түскен.

28.03.2023
Аймақ
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Туристер қайтар жолынан адасып, қараңғыда төменге түсе алмаған. Олар өзі көмек сұрап хабарласқан.

«Адасқандардың орналасқан жері туралы мәлімет Алматы әкімдігі құтқару қызметінің жедел кезекшісіне жіберілді. 4 құтқарушы бір техникамен іздеу-құтқару жұмыстары орнына жолға шықты. Іздеу орнына келген кезде адамдардың іздері болған жоқ, аталған жерде аз көлемді көшкін болды», — дейді құтқарушылар.

Арада бір сағат өткеннен кейін жоғалған ер адам ТЖД кезекші бөліміне қайта қоңырау шалып, олар жолды тауып, көтеріле бастағандарын хабарлаған, сөйтіп байланыс қайтадан үзілген. Түнде сағат 4:20-да «Аюсай» шатқалына қосымша құтқару қызметінің және КСП «Тұйық-Су» 7 құтқарушысы мен 2 бірлік техникасы жіберілген. Туристер қайтып байланысқа шықпаған.

«06.00-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 адамнан құрылған жедел тобын, оның ішінде бір кинологиялық есепті іздеуге жіберу туралы шешім қабылданды. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары спутниктік байланыспен жарақталған. Космостанцияға келген Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шатқалдан төмен қарай іздеу жұмыстарын жүргізе бастады. Тәуліктің қараңғы уақытында, қауіпті тік беткейлермен, төменгі температурада жоғалған туристерді іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ», — деп мәлімдеді Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстары таң бойы жалғасқан. Сағат 09:57-де құтқару қызметінің іздестіру тобы туристерді таудың жотасындағы бірінші сарқырамадан жоғары орналасқан «Аюсай» шатқалынан тапты. Зардап шеккендермен визуал байланыс орнатылды. Содан кейін құтқару операциясы жалғастырылды. Жұмысты тік беткейлер мен қардың көптігі қиындатты.

Сағат 15:45-те құтқару қызметінің құтқарушылары мен Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы зардап шеккендерді Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасына жеткізді. Зардап шеккендер медициналық көмекке мұқтаж емес.

Тегтер: алматыаюсайТЖДтуристшатқал

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz