Ведомство мәліметіне сай, Үкіметтің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 937 қаулысымен Ұлттық ұланның 5571 әскери бөліміне Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімі берілді.
«Қазақ армиясының тарихында батыр Бауыржан Момышұлының рөлі ерекше. Өзінің өр мінезімен, қолбасшылық өнерімен, асқан парасаттылығымен және ұлтжандылығымен аты аңызға айналған тұлға. Оның талантты басшылығымен сарбаздар мен офицерлер қанды шайқастарда жауға ержүректілікпен төтеп берді және екінші дүниежүзілік соғыс майданында шайқасқандар үлкен жеңіс әкелді. Бүгінде міне, жедел құрамамыз аңыз қолбасшының есімін иемденіп жатыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш», — деді 5571 әскери бөлімінің командирі Бақдәулет Оспанбеков.





