Биыл наурыз айында жоспардан тыс тексеру барысында нысан заңсыз салынып жатқан болатын. Нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
«Нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заң бұзушылықтар жойылған жоқ. Осыған байланысты материалдар Бостандық аудандық сотына жіберілді. Аудандық сот бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, меншік иесі оған кері шағымданған», — дейді баспасөз қызметі.
Алайда Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.







