Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда Құлжа тас жолында асфальттың жоғарғы қабаты төселеді: екі тәулікке көлік қозғалысы шектеледі

Қорлан Нұрланқызы
10.09.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматыда Құлжа тас жолында Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі аумақтағы жолды қайта жаңарту аяқталып келеді. Қалалық мобилділік басқармасы 14 қыркүйекте барлық жолақ бойынша көлік қозғалысын толығымен ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Алматыда Құлжа тас жолында Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі аумақтағы жолды қайта жаңарту аяқталып келеді. Қалалық мобилділік басқармасы 14 қыркүйекте барлық жолақ бойынша көлік қозғалысын толығымен ашуды жоспарлап отыр.

Алайда асфальтбетон төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

11 қыркүйек сағат 23.00-ден 12 қыркүйек сағат 06.00-ге дейін жөндеу жүргізіліп жатқан учаскенің батыс жағында қозғалыс жабылады. Облыстан қалаға келгенде бұл жерді Талғар тас жолымен, Бұқтырма, Майлин және Приканальная ҮАК көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Бұдан әрі 12 қыркүйек сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін шығыс жақпен жол жүруге болады, ол жерде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

12 қыркүйек сағат 23.00-ден 13 қыркүйек сағат 06.00-ге дейін жөнделіп жатқан бөліктің шығыс жағында қозғалыс жабылады. Қаладан облысқа шыққанда Талғар тас жолымен, Рысқұлов даңғылымен және Приканальная ҮАК көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Бұдан кейін 13 қыркүйек сағат 06.00-ден 14 қыркүйек сағат 06.00-ге дейін батыс жағымен жүруге болады, онда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

14 қыркүйек сағат 06.00-ден бастап жолдың толықтай ашылады, яғни әр бағытта 3 жолақ болады.

Жөнделген учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында ұзындығы 2,3 км учаскеде жолақтар санын 4-тен 6-ға дейін кеңейту көзделген. Бұл учаскенің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жол жиектерінде тосқауыл қоршауын, жарықтандыру тіректерін және екі жағынан ені 2-ден 3 метрге дейінгі тротуар салу бойынша жұмыс жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz