Демалыс орталықтарында шеберлік сыныптары, байқаулар, турнирлер, жарыстар, эстафеталар, тәрбие сағаттары, профилактикалық әңгімелер, кездесулер, көрмелер, экскурсиялар, саяхаттар мен акциялар түрінде әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі.
Республика күні қарсаңында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан жасөспірімдерге Шарын шатқалы мен Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды. Оған 100-ден астам жасөспірім барды.
Тегін турды Алматы қаласының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырды.
«Бұл биылғы жылда бесінші тур болды. Мұндай турлар демалыс орталықтарында тәрбиеленетін 12-29 жас арасындағы тәрбиеленушілерге тегін. Келесі жылы да 5 экскурсиялық тур өткізу жоспарланды», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.





