Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда 15 тамызда салық есептілігі нысандарын ұсыну мерзімі аяқталатыны хабарланды

15 тамызда салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі аяқталуға жақын. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде салық төлеушілерге көрсетілген мерзімде қандай нысанда ұсыну керектігін айтты.

10.08.2023
Аймақ

Есепті «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), қағаз түрінде, сондай-ақ eSalyq Business, Halyk Bank мобильді қосымшаларының көмегімен жүзеге асырылады.

«Салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, электрондық нысанда табыс етілген жағдайда салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы. Бұдан басқа, арнаулы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерден басқа, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге қатысты салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды. Салық төлеушінің сонымен бірге, қызметті тоқтата тұруды ресімдей алатын заңды мүмкіндігі бар», — деді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейтова.

200.00 үлгісі- «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация» нысаны салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарына электрондық түрде веб-қосымша арқылы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей беріледі.

910.00 үлгісі — «Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген декларация» нысаны салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдануға арналған салық кезеңі жартыжылдық болып табылады. Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер жасайды.

300.00 үлгісі – «Қосылған құн салығы бойынша Декларация» нысаны есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі. Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

913.00 үлгісі — «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Декларация» нысаны салық агентінің орналасқан жері бойынша салық органдарына электрондық түрде КНП арқылы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.

Сондай-ақ, салық төлеушілердің салық есептілігін табыс ету мерзімін декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуға құқығы бар.

«Бұл ретте, арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдердің жоғары деңгейі бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылмайды. Тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салық есептілігін беру мерзімі салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады», — деп атап өтті Б. Сейітова.

Сондай-ақ, департамент «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес салық есептілігі ұсынылмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Тегтер: алматысалық

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына қол қойды

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Алматы облысында Наурыз жаңа форматта өтеді

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Фото: Дамир Нұрқасым

Қонаевта мұғалімдердің цифрлық дағдыларын дамытуға арналған тәжірибелік алаң өтті

Мөлдір Иманмади
17.03.2026

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz