Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы және Жетісу облыстарында бизнеске қолдау күшейтілді

Алматы облысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлік бизнес-қоғамдастық мүшелері қатысты. Кездесу alataunews.kz хабарлауынша, бизнес пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Басты мақсат – кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында ашық диалог орнату. Мұндай формат Мемлекет басшысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту және іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып келеді.

Кездесуде бизнес өкілдері мен шенеуніктер жер телімдерін бөлу, инвестициялық жобаларды іске асыру, жекеменшік білім беру саласын дамыту, экологиялық талаптарды сақтау және құқық қорғау органдарының кәсіпорын қызметіне араласуы сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Әр бағыт бойынша тиісті мемлекеттік органдар түсініктеме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Аймақта жекеменшік білім беру саласы ерекше назарда. Қазіргі таңда Алматы облысында 56 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, онда шамамен 15 мың бала білім алады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап олардың 39-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істей бастады. Бұл шешім өңірдегі мектептердегі орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары Қарасай және Іле аудандарында жалпы сыйымдылығы 3,5 мың оқушыға арналған екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге айтарлықтай әсер етті.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Бизнес пен мемлекеттің өзара ынтымақтастығының арқасында облыс экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индекс 110,2 пайызды құрады. Ең жоғары өсім құрылыс, өнеркәсіп, сауда және инвестиция тарту салаларында байқалады. Кәсіпкерлікті қолдау – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Бұл мақсатқа 27,8 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 156 мыңнан асты, ал сектордағы жұмыспен қамту 10,5 пайызға өсті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы өңірдің тұрақты дамуын және тұрғындардың өмір сапасын арттыра аламыз», – деді өңір басшысы.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров та өз пікірін білдіріп, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың ашық әрі болжамды болуының маңызын атап өтті.

«Мен кездесудің нәтижесіне өте ризамын. Барлық мәселе талқыланып, нақты жауаптар берілді. Ал республикалық деңгейдегі сұрақтарды жеке бақылауыма алдым», – деді ол.

Кездесу соңында тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыру және кәсіпкерлермен тұрақты пікір алмасуды жолға қою жөнінде уағдаласты. Мұндай ашық диалог өңірде бизнесті дамытуға және кедергілерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Тегтер: алматы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz