Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының Жамбыл ауданында екі жаңа медициналық нысан ашылды

Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне орай Алматы облысы Жамбыл ауданының Сауырық батыр және Көкдала ауылдарында су жаңа екі медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шараға Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ерташ, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Николаевич Рожин арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен құттықтады.

Медициналық қосындар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Бұл – ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті сапалы әрі уақытылы көрсетуге бағытталған маңызды қадам.

Қазіргі таңда Сауырық батыр ауылында 660 тұрғын бар. Жаңа қосында бір фельдшер мен жарты бірлікке есептелген кіші мейірбике жұмыс істейді. Медициналық пункт күніне 10 адамға дейін қабылдай алады.

Көкдала ауылында салынған медициналық пункттің жалпы құны – 124 млн 240 мың теңге. Мұнда 400-ге жуық тұрғын бар. Медициналық нысанда бір фельдшер жұмыс істейді, ол да күніне 10 адамға дейін қабылдауға қауқарлы.

Бұған дейін ауыл тұрғындары ескі мектеп ғимаратындағы бөлмеде медициналық қызмет алып келген. Енді олар заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа ғимаратта сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік алды.

Жаңа нысандар қажетті инженерлік желілермен, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, диагностикалық, қабылдау және ем-шара кабинеттерімен толық қамтамасыз етілген. Құрылыс жұмыстарын «Техно Снаб 2002» ЖШС жүргізді.

Айта кетейік, Жамбыл ауданында барлығы 16 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Бұған дейін Айдарлы, Ашысу және Қопа ауылдарында жаңа нысандар пайдалануға берілген. Сауырық батыр мен Көкдала ауылдарындағы қосындармен бірге жалпы саны 5 медициналық нысан халық игілігіне тапсырылды. Қалған 11 нысанды 2025 жылдың тамыз айының соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz