Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды

Биылғы «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
23.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: astana-modern.edu.kz

Фото: astana-modern.edu.kz

Жыл сайын өткізілетін бұл беделді конкурс еліміздің ең үздік ұстаздарын анықтап, олардың кәсіби шеберлігін бағалауға бағытталған.

Байқаудың облыстық кезеңінде 18 педагог іріктеуден өтіп, олардың ішінен 10 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды. Қазан айының 8-і күні Астана қаласында өткен республикалық додада қатысушылар елорданың түрлі мектептерінде ашық сабақ өткізіп, өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Олар 24 қазан күні Астана қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысып, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 айлық есептік көрсеткішпен (МРП) көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

Байқау қорытындысы бойынша Алматы облысының екі педагогі жеңімпаз атанды:

  • Әбеу Нұргелді – Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің химия пәні мұғалімі;

  • Бухарбаева Динара Ермырзақызы – Жамбыл ауданы Қарасу орта мектебінің физика пәні мұғалімі.

Сонымен қатар, республикалық кезеңге қатысып, өз кәсіби деңгейін жоғары деңгейде көрсеткен облыстың басқа да ұстаздары атап өтілді. Олар:

  • Даулешяр Бақытәлі Даулетярұлы – Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі;

  • Баймолданова Мейрамбала Байтановна – Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 орта мектебінің математика пәні мұғалімі;

  • Алимбаева Жайдары Даупасовна – Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі;

  • Сонабаева Феризат Бековна – Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;

  • Аманжолова Назым Сергалиевна – Алатау қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі;

  • Байжарикова Шарипа Абдешовна – Алатау қаласы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

  • Амреева Алия Хамиевна – Қонаев қаласы №2 орта мектебінің қазақ әдебиеті пәні мұғалімі;

  • Смағұлова Алфия Болатовна – Қарғалы №2 мамандандырылған лицейінің информатика пәні мұғалімі.

Алматы облысының әкімдігі мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалап, облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағын иеленген ұстаздарға 300 МРП көлемінде ақшалай сыйлық 2026 жылдың бюджеті есебінен берілетінін мәлімдеді.

Бұл байқау — педагог мәртебесін көтеріп, білім беру саласының беделін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Жеңімпаздар мен қатысушылардың табысы – облыстың білім жүйесіндегі сапалы еңбектің және үздік тәжірибенің айғағы болып отыр.

Тегтер: «Үздік педагог – 2025»Республикалық байқау

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz