Ведомство мәліметінше, қазіргі жағдай толық бақылауда. Елді мекендер мен жақын аумақ тұрғындарына тікелей қауіп жоқ. Дегенмен, қауіпсіздік мақсатында облыс тұрғындары мен қонақтарына бірқатар сақтық шараларын ұстану ұсынылды.
Атап айтқанда:
терезелер мен есіктерді жауып отыру;
мүмкіндігінше далада жүру уақытын шектеу;
маска немесе дәке таңғышын пайдалану;
денсаулықта жайсыздық байқалған жағдайда дәрігерге жүгіну қажеттігі ескертілді.
Еске сала кетейік, қоқыс полигонындағы өрт 15 қыркүйек күні таңертең басталған еді. Қалың түтіннің әсерінен түнде автожолдағы көлік қозғалысы уақытша шектелді. Өртті сөндіру үшін құтқарушылар 70 өрт сөндіру рукавынан тұратын магистральды желі төседі.
Мамандардың айтуынша, өртті толық сөндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.





