Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғындары зират жанынан зауыт салынып жатқанына наразылық танытты

Алматы облысының тұрғындары дәл зират жанынан зауыт салып жатқан құрылыс компаниясына шағым айтты. Күндіз-түні жұмыс істейтін ауыр техниканың кесірінен молаларға зақым келіп жатыр. Кейбірі опырылып, енді бірі құлап қалған.

06.04.2023
Аймақ

«Зираттың ішін өзіміз түгел ретке келтірдік. Әй-шәй жоқ, соңында жердің иелері пайда бола қалды. Мүрделердің жаны қалай жекеге өтуі мүмкін? Үлкен техникалардың жұмысынан мүрделер опырылып жердің астына кетіп жатыр. Иә, бұл жерде қайтыс болған адамдар жатыр, бірақ олар біздің жақындарымыз ғой», — дейді Алматы облысының тұрғыны Елена Брюзгина.

Құрылыс пен зираттың арасы бірнеше метр. Компания молаға кірер жалғыз жолды да жауып тастаған.

«Зиратқа кіру, адамдарды жерлеу қиындап кетті. Кішкентай ғана тесікке ешкім сыймайды. Өрт сөндіру көліктері кіре алмайды. Қоршаудың кесірінен полицейлер де күзете алмай жүр. Ақыры неше түрлі нашақор, маскүнемдер жиі жиналады», — деді Алматы облысының тұрғыны Алексей Павленко.

Әкімдіктегілер жер иесінің қолында зауыттың құрылысын бастауға құжаты бар деп отыр, бірақ санитарлық талаптардың сақталмағанын растады, яғни құрылыс жұмысы зираттан 300 метр қашықтықта жүргізілуге тиіс.

«Аван құрылыс» компаниясы ғой деймін. Немен айналысатынын білмедім. Әлі салынып біткен жоқ. Қараңыз, мынау жер, қоршау жеке компаниянікі. Қазір ашып беремін дейді. Қоқыстарын жинап, жауапты адамды қойсын дейді. Өйткені өрт қауіпсіздік шараларын сақтасын дегендей», — деді Іргелі ауылы округі әкімінің орынбасары Амантай Терлікбаев.

Тұрғындар егер құрылыс компаниясы жолды ашпай, әлі де жұмысын тоқтатпаса, сотқа жүгінеміз деп отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

437,9 тыс. га засеют сельхозкультурами в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Мужчина ударил ногой в живот соседке по даче в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Снегопад, метель и гололед: жителей Алматинской области предупредили о непогоде

Николай Иващенко
11.03.2026

Важная информация для участников референдума по Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

В Конаеве мужчину наказали за непристойные действия в общественном месте

Николай Иващенко
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz