Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғындары жер телімін әділ бағалауды талап етіп отыр

«Далада қаламыз ба?» деген 100 шақты отбасы кеше Қонаев қаласындағы облыстық әкімдіктің алдына жиналды. Алты айдан бері Қарасай ауданының азаматтары жер телімінің әділ бағалануын сұрайды, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

09.08.2023
Аймақ
Фото: Алматы телеарнасы

Фото: Алматы телеарнасы

«Жұрт жанайқайымыз жоғарыға жетсін» деп Алматы облыстық әкімдігіне барды. Олар жер телімдері нарықтағы бағамен бағалануын талап етіп отыр. Олардың айтуынша, бұған дейін арызын арқалап, Қарасай ауданына сан мәрте барған. Бірақ мәселе шешілмеген.

«Алты ай бұрын жерімізді Үкімет өз меншігіне алатынын айтты. Бірақ бізде үйдің сүрілетіні жөнінде құжат жоқ. Сыртымыздан ердің бағасын шығарып қойыпты. Ең төменгі баға 6-7-8 соттық жер бір жарым миллион болып тұр», – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Нигара Рузиева.

Шаңырақ тұрғызамыз деп жер алған ел қуаныштың ұзаққа бармағанын айтады. Есі екеу болған ел, қайда барарын білмей әлек.

«Пәтер жалдап, Қалқаманда тұрып жатырмыз. Көкөзектен 8 сотық жер алғанмын. Бізге  нарықтағы бағамен жердің ақшасын берсін», – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Гүлбахан Қырықбаева.

Мәселесін шешпек болып көпшілік әкімдік дәлізінде дауласып ұзақ тұрды. Кейін сала мамандары мекеменің бас кеңсесіне келіссөзге келуге шақырды. Бірақ біржақты мәмілеге келу мүмкін болмады.

Ал облыс әкімінің орынбасары жер сатылымына байланысты заңсыздық анықталса, мемлекеттік қызметкердің қатаң жазаланатынын айтты. Бірақ алдымен тексеріс жүргіземіз деп сендірді.

«2014 жылы Алматы-Талғар Байсерке газ жүйесі құбыры салынған. Оның қорғау аймағы 150 метр. Бүгінгі күні адамдардың қауіпсіздігі үшін сол маңдағы тұрғын үйлерді қорғау аймағына босатамыз. Тұрғындар өтінішін қарап, бағалау жұмысын қайтадан жүргізетін боламыз. Ол қырық күн алады», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

«Қалың ел қаузаған қызыл сызыққа жер телімдерінен бөлек, мектеп пен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт та түсіп тұр» дейді халық. Бірақ билік өкілдері өнеркәсіп иелерінің шағым айтпағанын жеткізді. Ал алаңдаулы ауыл адамдарының мәселесі қалай шешілері белгісіз.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz