Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғындары қоқыстың сасық иісіне тұншығып отыр

Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғындары коммуналдық қызметтердің қоқыс жинау жұмысына шағымданып жатыр.

09.08.2023
Аймақ

Қоқыс жәшіктері тынымсыз толып, одан жаздың аптап ыстығында сасық иіс шығып, бүкіл ауданға тарайтын көрінеді. Мұндай шағымды Алматы облысындағы Өтеген батыр ауылының тұрғындары айтып отыр.

«Халық қоқыс дер кезінде, яғни контейнерлер толғаннан кейін бірден шығарылса дейді. Біздің ауылға қызмет көрсететін серіктестік мұны істемейді. Көп аулада қазір жағдай осындай», — дейді жергілікті тұрғын Ирина Мамедова.

«Тазалық» АЖ сервистік серіктестігі қоқыс күнде шығарылатынын, бірақ ауылдың кей қоқыс жәшіктері тұрғындардың көп бөлігіне арналмағанын айтты.

«Контейнерлер КСРО кезінде бір қоқыс жәшігіне үй көп болмаған кезде орнатылған. Күнделікті таңғы 6-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейміз. Жексенбі демалыс. Бұл қалдықтардың барлығы демалыс күндері жиналады деп айта аламын. Жағдай көрші ауылдардан да қоқыс әкелетіндіктен қиындап кетті», — дейді «Тазалық» қоқыс шығару учаскесінің басшысы Бақытжан Жолдыбеков.

Серіктестік 2019 жылдан бері ауылдан қоқыс шығарумен айналысады. Олар айына 35 000 адамға қызмет көрсетеді. Ал бір адам қоқыстың шығарылуына айына 450 теңге төлейді.

Олардың мәселені қалай шешетіні әзірге белгісіз. Мердігерлер жұмысын бұрынғы режимде жалғастырып жатыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz