Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы, ШҚО және Алматы тұрғындарына қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.01.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (ҚР ТЖМ) мәліметінше, оңтүстік астана, Алматы облысы және Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар 619 учаске анықталған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елдің таулы аймақтарында, теңіз деңгейінен 2000 метрден жоғары биіктік аймақтарында қар көшкіні қаупі күрделі күйде қалып отыр. Бұл жағдайды қадағалау үшін 78 тұрақты бақылау бекеті, 26 маусымдық бақылау пункті және «Қазселденқорғау» мекемесінің арнайы маршруттары жұмыс істейді.

Қар көшкіні қаупі көбінесе шаңғышыларға, туристерге және альпинистерге төнеді. Сондықтан тауға баруды жоспарлаған әрбір азамат қар көшкіні кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жақсы білуі қажет. Бұл өмірді сақтап қалудың басты кепілі.

Қар көшкіні қаупі бар кезең басталғалы бері еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жалпы көлемі 7860 текше метр болатын 18 өздігінен қар көшкіні тіркелген. Сонымен қатар, профилактикалық мақсатта 39 рет қар көшкінін жасанды жолмен түсіру жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 32087 текше метрден асқан.

2024-2025 жылғы қыс маусымында таулы аймақтарда қар көшкіні жағдайының күрделі күйде сақталатыны болжануда. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, қаңтар айында таулы аймақтарда ауа температурасы орташа нормадан жоғары болады деп күтілуде.

Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарының тауларында жауын-шашын мөлшері шамамен қалыпты деңгейде болады. Ал Шығыс Қазақстан облысының тауларында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжанып отыр.

Тауға шықпас бұрын, қауіпсіздік ережелерін ескеріп, ауа райы болжамын мұқият бақылаған жөн. Қар көшкіні қаупі жоғары аймақтарға ерекше назар аударыңыз.

Тегтер: Алматы облысықар көшкіні

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz