Стенд атудан скит/микс санатында 8 команданың ішінен іріктеу кезеңінен өтті.
Ең көп ұпай жинаған командалардың бірі ретінде Орынбай-Ещенко жұбы алтынға таласу мүмкіндігіне ие болды.
Осылайша, ақтық сында Кувейт құрамасымен кездесіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті.
Әсем Орынбай үшін бұл ағымдағы Азияданың үшінші жүлдесі. Кеше жерлесіміз әйелдер командасы құрамында алтын, жеке сында қола жүлдегер атанды.





