Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының шаруалары егістікке қажетті суға үш есе қымбат төлеп келген

Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары заңсыз коммерциялық қызмет фактілерін анықтады.

09.02.2023
Аймақ

Ирригациялық желілерге мониторинг барысында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің суару каналдарына құқықтары жоқ екені белгілі болған. Табиғи монополиялар тізіміне кірмей, заңсыз коммерциялық қызметпен айналысқан.

Олар суды Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналынан («Қазсушар» филиалы) бекітілген тарифке сәйкес алған, алайда оны фермерлік шаруашылықтарға жоғары бағамен сатқан. Осылайша, өздеріне монополист рөлін алған.

«Резервуардағы судың құны Үлкен Алматы каналында 1 м3 үшін 0,7 теңге болса, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге гектарына 20 000-28 000 теңгеден береді. Бұл – орташа есеппен 1 м3 үшін 2 теңгеден асады. Осы арналарды сенімгерлік басқару жөніндегі шарттарда 24-тен 2-еуі ғана бола алады. Қалыптасқан жағдай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құқықтарының бұзылуына алып келді. Бұдан былай суармалы суды фермерлер тікелей Үлкен Алматы каналынан алады», — делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданының бір ғана Қаратұрық ауылдық округінде 272-ден астам шаруа қожалығы бар. Департамент ұсынысы негізінде тікелей Үлкен Алматы каналынан 1 м3 үшін 0,5 теңгемен шарттар жасасу мәселесі пысықталды.

Осылайша, бір ауылдық округ 42 млн теңгеден астам қаражат үнемдей алады. Сондай-ақ, басқа ауылдық округтерде тікелей шарттар жасасу мәселесі қаралып жатыр.

Тегтер: Алматы облысыантикорегістікҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 778 мыңнан астам әйел тұрады — статистика

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Таяу Шығыстан 2,4 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz