Оқиға Кеген–Түп автожолында, Қарқара ауылы мен Кеген шекара заставасының аралығында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, минивэн жолдан шығып, кюветке түскен.
Хабар түсе салысымен оқиға орнына құтқару қызметінің мамандары жедел жетіп, арнайы техниканың көмегімен көлік құралын кюветтен шығарды.
Көлік салонында Қырғыз Республикасының екі азаматы болған. Оларға медициналық көмек қажет болмағандықтан, көрсетілген көмектен кейін жолдарын жалғастырған.
Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге қысқы жол жағдайында жылдамдықты асырмауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және барынша мұқият болуға кеңес береді.





