Іле ауданында жалауы желбіреген сайысқа 9 командадан жалпы саны 100 адам қатысты. Спорттық додада полиция департаментінің өкілдері 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынады.
Тәртіп сақшылары 57 келіден 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Екі күнге жалғасқан бәсекеде жалпы командалық есепте 1-орынды Алматы облысы ПД аппаратының құрама командасы жеңіп алды. Жүлделі екінші орын Еңбекшіқазақ ауданының полицейлеріне бұйырса, 3-орынды Қарасайлық тәртіп сақшылары місе тұтты.
Ал, өз салмақ дәрежелерінде Бағлан Сарекенов, Әнуар Нұрбол, Бақыт Ғұмаров, Шалқар Кәрімов, Қанат Скендір, Диас Қазыбай, Ерғожа Наурызбай сынды полиция департаментінің қызметкерлері үздіктер қатарынан табылды.
Айта кету керек, облыстық турнирде оза шапқандар 17 тамызда Қарағандыда болатын ҚР ІІМ чемпионатында Алматы облысының намысын қорғауға барады.





