Бұл байқау – жас ұрпақтың отаншылдық рухын, ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етеді.
Алматы облысының намысын 5 оқушы қорғап, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде:
«Ұлы арман» бағыты бойынша — Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық сурет салу номинациясында
Алатау қаласы №6 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Рафат Дана – III орын иегері атанды.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер?» бағыты бойынша — «Хандар мен билеушілер», «Батырлар» тақырыбына арналған ғылыми жоба қорғау номинациясында
Талғар ауданы №29 жалпы білім беретін орта мектептің 9-сынып оқушысы Бекбергенова Аяна – II орын иеленді.
Жас дарындарды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың жетістігі – облысымыздың білім саласындағы табысының айғағы, ал рухты Махамбет жыры – жас ұрпақтың бойында елдік пен ерліктің мәңгілік отын жаға бермек.





