Кездесу аясында тараптар жаңа қала салу, өңірдің инфрақұрылымын дамыту, құрылыс және девелопмент саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Nata Holding жетекшісі өз тарапынан Қазақстанмен, әсіресе Алматы облысымен жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.
«Қазақстан – зор әлеуеті бар ел, ал Алматы облысы ерекше маңызға ие аймақ. Біз өңірге келіп, заманауи қала құрылысына үлес қосуға дайынбыз», — деді Намық Таник.
Алматы облысының делегациясы түрік компаниясына құрылыс, туризм, логистика салаларындағы перспективалы жобаларды таныстырды. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері түсіндіріліп, инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер баяндалды.
Nata Holding туралы
Nata Holding — Түркияның ең ірі девелоперлік құрылыс компанияларының бірі. VEGA брендімен жүзеге асырылған Vega AVM İstanbul (190 мың шаршы метр) сияқты ірі коммерциялық нысандармен танымал.
Компаниямен ықтимал серіктестік Алматы облысында халықаралық стандарттарға сай жаңа инфрақұрылым қалыптастыруға, өңірге шетелдік инвестиция тартуға және құрылыс саласындағы заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.





