Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының мектептері оқулықтармен толық қамтылды

Алматы облысында 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдары қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа биыл 3 млрд теңге бөлініп, өңір мектептеріне 808 568 дана жаңа және қайта басылған кітап жеткізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқулықтар 11 баспадан сатып алынған және олар негізінен 4, 7, 8, 10–11 сыныптарға арналған. Соның нәтижесінде аймақтағы барлық білім беру ұйымдары 100 пайыз көлемде оқулықтармен жабдықталды.

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, биыл алғаш рет 4-сынып оқушылары үшін қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған орыс тілі, сондай-ақ ағылшын, неміс, француз тілдері, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, цифрлық сауаттылық және жаратылыстану пәндерінен жаңа оқулықтар дайындалды.

Сонымен қатар орта және аға буынға арналған кітаптар да қайта басылып шықты. Атап айтқанда, 7-сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі мен әдебиеті (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі және көркем еңбек пәндері бойынша жаңартылған басылымдар жеткізілді.

Қосымша 7–8 сыныптарға арналған «Қазақстан географиясы», 8-сыныпқа «Қазақстан тарихы», 10–11 сыныптарға «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», сондай-ақ 11-сыныпқа «Құқық негіздері» оқулықтары қайта шығарылды.

Білім басқармасында атап өтілгендей, бұл шара Мемлекет басшысының білім сапасын арттыру және оқу процесін сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz