Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты

Алматы облысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір колледждері шет мемлекеттердің жетекші білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу мен білікті кадрлар даярлау ісін жаңа деңгейге шығаруда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Қазіргі таңда Алматы облысының колледждері Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің бірқатар оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасаған.

Атап айтқанда, Түркияның Анталия қаласындағы Мехмет Зеки Балджы жоғары мектебі (туризм және қонақ үй бизнесі), Францияның Париж қаласындағы Гийома Тирель лицейі және Элиза Лемонье лицейі облыс колледждерімен бірлескен жобаларды іске асыруға ниет білдірген.

Сонымен қатар, Қытайдың Сиань қаласындағы кулинарлық колледжбен, Финляндиядағы ECEDU кәсіптік колледжі, Қырғыз Республикасындағы С. Ибраимов атындағы агротехникалық колледж, Қытайдың Чунцин қаласындағы оқу орындарымен және Кореяның OFECO.LTD компаниясымен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылған.

2024–2025 оқу жылында Алматы облысынан сегіз педагог шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтті. Оның ішінде бес педагог Түркияда, ал үш педагог Францияда кәсіби тәжірибе жинақтаған.

Колледж оқытушыларының айтуынша, халықаралық тәжірибе кәсіби дамуға тың серпін береді.
«Шетелде тағылымдамадан өту бізге заманауи оқыту әдістерін меңгеруге, өндіріс пен білімнің өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе студенттермен жұмыс істеу сапасын арттыруға тікелей әсер етеді», – дейді Алматы облысы колледжінің басшысы Кишибаева Бакытгул Тумархановна.

Ал білім саласына жауапты мекеме өкілдері бұл бағыттағы жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

«Халықаралық әріптестік – техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртудың маңызды тетігі. Біз колледждердің әлемдік стандарттарға сай дамуына және еңбек нарығына сұранысқа ие мамандар даярлауына басымдық беріп отырмыз», – дейді облыстық білім басқармасының өкілі Дюсентаева Кенжегуль Мукашевна.

Бұдан бөлек, Қытай – Орталық Азия елдері арасындағы бірлескен жобалар аясында ауыл шаруашылығы мен техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлайтын жеті колледж директоры және өндірістік оқыту жөніндегі бір директордың орынбасары 2025 жылғы 14–24 сәуір аралығында Қытайдың Чунцин қаласында оқу курсынан өтті. Нәтижесінде 49 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Мамандардың айтуынша, бұл бастамалар Алматы облысы колледждерінің халықаралық стандарттарға сай дамуына, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға және еңбек нарығына қажетті білікті мамандар даярлау сапасын күшейтуге мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz