Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының көпсалалы ауруханасына бөлінген 5,5 млрд теңгенің 8 пайызы ғана игерілген

Мұны кеңейтілген жиын барысында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.10.2022
Аймақ

«Алматы облысы көпсалалы клиникалық ауруханасы — шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болған, яғни толығымен жекешелендірілген. Мемлекетпен екеуара келісім-шартқа 05.11.2020 жылы қол қойылды. Десе де, талдау кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Бұл мекемеге бөлінген 5,5 млрд теңге инвестицияның 8 пайызы ғана (448 млн тг) игерілді. Бұдан бөлек, 2020 жылдан бері мемлекет жеке серіктес компанияның 200 млн теңгеден астам сомада инвестициялық шығындарын өтеп берді. Және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС шарттары шеңберінде 14,6 млрд теңге бөлді», — деді департамент басшысы Серік Орымбетов.

Серік Орымбетовтың сөзіне сүйенсек, аурухана басшылығына медициналық қызметтерді сапалы көрсету, ақ халаттылардың білімін одан ары жетілдіру, аурухананы заманауи техникамен жабдықтау секілді ауқымды талаптар қойылса да, басшылық мемлекеттік тапсырысты дұрыс орындамады.

Мысалы, дәрігер көмегіне жүгініп келген 39 мың тұрғынның 25 мыңы тиісті деңгейде ем ала алмаған. Сонымен қатар дәрігерлер науқастардың халін дұрыс білмей жатып, стационарлық ем қабылдауға тіркеуден бас тартқаны жайлы деректер бастан асады.

«Бұл мәселелердің түп төркіні басқада. Ол – медициналық нысандарды шаруашылық жүргізуге құқығы бар мекемеге айналдырғанда белгілі бір нормативтік заңның болмауы. Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығы бойынша жұмыс істеледі. Десе де, аталған құжатта әлеуметтік нысандардың жекешелендірілуі туралы сөз етілмеген», — деді АнтиКор басшысы.

Басшының айтуынша, мемлекеттік сатып алу қызметін жүргізуші комиссияның шектен тыс өкілеттілігі бар. Олар тендерге қатысушы компанияларды бөліп, жарады.

«Осындай деректер көбеймеуі үшін құқықтық актілерді және медициналық нысандарды мемлекет балансына қайтару сұрақтарын республика шеңберінде талқыға салуды сұраймыз», — деді Серік Орымбетов.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz