Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам өнім ұсынады

Алматы облысының егіншілері мен фермерлері алматылықтарға экологиялық таза, сапалы және арзан ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынбақ, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл мақсатта қазанның 18–19 күндері Алматы қаласында ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, КБТУ-дың төменгі жағында) ұйымдастырылады. Мұнда облыстың барлық аудандарынан келген шаруалар мен өңдеуші кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне ет, сүт өнімдері, балық, бал, көкөніс, жеміс-жидек, күріш, жұмыртқа және өзге де табиғи тауарлар қойылады.

Жалпы көлемі 200 тоннадан астам өнім қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 15 пайызға төмен бағамен ұсынылады.
Атап айтқанда, жәрмеңке аясында:
? 16 тонна ет,
? 1,6 тонна сүт өнімдері,
? 18,6 тонна картоп,
? 19,5 тонна пияз,
? 36,2 тонна түрлі көкөніс,
? 6 тонна күріш,
? 3,3 тонна бал,
? 26 тонна алма мен жеміс-жидек,
? 50,5 тонна өзге де өнім сатылымға шығарылады.

Жәрмеңке Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Мұндағы басты мақсат — отандық тауар өндірушілерді қолдау, ішкі нарықты дамыту және тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Осындай дәстүрлі шаралар өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін танытып қана қоймай, жергілікті өнімге деген сұранысты арттыруға, фермерлердің табысын көбейтуге және қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz