Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аталған мекеме – елдегі жетекші перинаталдық орталықтардың бірі.

Бағдарлама акушер-гинекологтар мен неонатологтарға арналған. Мақсаты – тәжірибе алмасу, заманауи емдеу әдістерін меңгеру және жүктілік пен жаңа туған сәбилерге медициналық көмек көрсетуде халықаралық стандарттармен танысу.

Оқыту бағдарламасының негізгі бағыттары:

  • Орталықтың жұмысымен және қауіпсіздік техникасына арналған нұсқаулықпен танысу;

  • Күнделікті палаталық тексерулерге, клиникалық талқылаулар мен дәрігерлік консилиумдарға қатысу;

  • Интерактивті платформада нақты клиникалық жағдайларды талдау арқылы білім беру;

  • Күрделі жүктілік жағдайларында, оның ішінде плацента патологиясы және экстрагениталдық аурулар кезінде жасалатын кесар тілігіне ассистент ретінде қатысу.

Курсты жүкті әйелдердегі экстрагениталдық патология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ольга Валерьевна Литвинюк жүргізді.

Іле аудандық орталық ауруханасы директорының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Рауан Бақытжанқызы Әзімқұлованың айтуынша, Беларусь мамандарының ұйымдастырушылық деңгейі мен науқастарға деген көзқарасы жоғары.

«Әсіресе, талдау нәтижелерін жедел жеткізуге арналған пневмопошта жүйесі ерекше әсер қалдырды», – дейді ол.

Неонатологтар жаңа туған нәрестелердің жағдайын бақылау мен тұрақтандыру әдістерін меңгеріп, клиникалық талқылауларға тікелей науқас төсегінің жанында қатысты. Сонымен қатар перинатология саласындағы жаңа ғылыми әзірлемелермен танысты.

Аталған бағдарлама дәрігерлердің кәсіби білімін тереңдетіп қана қоймай, Қазақстан мен Беларусь медициналық мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz