Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды Алматы облысы әкімінің өкімімен Жандос Ақыл Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жандос Ақыл 2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Жандос Ақыл 1996 жылы дүниеге келген. Ол 2018 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, ал 2021 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы облысы әкімдігінің «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-де инженер қызметінен бастаған. Осы уақытқа дейін ол түрлі маңызды лауазымдарды атқарып, мол тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары ол бас маман, бөлім басшысы, Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, облыс әкімінің аппаратының жобалық кеңсе және мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу бөлімінің басшысы қызметін де атқарған.

2024 жылдың қазан айынан бастап Жандос Ақыл Алматы облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі бас инспекторы лауазымында қызмет етті. Бұл қызметтердегі жұмысы оның кәсіби біліктілігі мен көшбасшылық қабілетін айқындады.

Тегтер: Алматы облысытағайындау

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz