Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Шерзат Болаттың өліміне қатысты пікір білдірді

Қорлан Нұрланқызы
13.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу барысы туралы пікір білдіріп, тұрғындарды сабыр сақтап, ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Марқұмның отбасысына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл жағдай қатаң бақылауда. Құқық қорғау органдары қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Іс қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның бақылауында. Осыған орай, қоғамға үндеу жасаймын: сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне назар аударуды сұраймын. Құқық қорғау органдары өз жұмыстарын ашық жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат беруде», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын. Қажетті тергеу амалдары толық жүргізіліп, күдікті деп танылған барлық 11 адам ұсталды. Бұған дейін ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов те істің тергеуі аяқталғанын растаған болатын.

Еске сала кетейік, 16 жастағы Шерзат Болат 4 қазанға қараған түні Талғарда қаза тапқан. Бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды.

9 желтоқсанда Талғардың шетінде марқұмның ағасының денесі табылды. Алдын ала деректер бойынша, ол өзіне қол жұмсаған. Полиция кейіннен оның туысымен жазысқан соңғы хабарламаларын жариялады. Жерлеу рәсімі кезінде Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов хулигандық жасағаны үшін ұсталып, 15 тәулікке қамалды. Сонымен қатар, оның бір қарындасы да қамауға алынып, екінші қарындасы 74 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бұл қайғылы оқиға қоғам назарында болып, құқық қорғау органдарының әрекеттері қатаң бақылауға алынған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz