Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Республика күнімен құттықтады

Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды 25 қазан – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

25.10.2022
Аймақ

Облыс әкімі жеке блогына:

«Құрметті ағайын! Қадірменді жерлестер!

Сіздерді қайта жаңғырған Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Егемендігімізді дәріптеп, тәуелсіздігімізді паш етуде Республика күнінің тарихи маңызы зор. Бұл күні егемендігіміз ең алғаш жария етіліп, тәуелсіз ел ретінде танылдық. Тәуелсіздігіміздің іргетасы қаланып, тұңғыш рет дербес шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа декларациямыз өмірге келді. Республика күнін елдік пен егемендікті, мемлекет тұтастығы мен патриотизмді дәріптейтін ұлы мереке десек, еш қателеспейміз. Елдік рухымызды қайта жаңғыртып, ұлттық мүддеміз бен тарихи кескін-келбетімізді биік қою – біздің буынға артылған үлкен міндет.

Бұл күн Қазақстан Республикасының негізі қаланған тарихи сәт ретінде де өте қастерлі. Ұлттық мерекеміздің мән-мағынасын жас ұрпаққа түсіндіру, патриотизмді күшейтіп, ел бірлігін сақтау — әрбір Қазақстан азаматына артылған қасиетті борыш.

Барша облыс тұрғындарын Республика күнімен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, татулық, бақ-береке тілеймін!», – деп жазды.

Тегтер: құттықтауМарат СұлтанғазиевРеспублика күні

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz