Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі мектептердегі есеп-қисапты орталықтандыруды ұсынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев жер қатынастары мен білім саласында кеткен кемшіліктердің орнын толтыру үшін бірнеше ұсыныстар айтты.

23.06.2023
Аймақ

Ол алдымен саяжай массивтерінің мәселесіне тоқталды. Себебі, облыс әкімінің айтуынша, саяжайлардың облыста тым көбейіп кетуі заңсыз сегменттеудің, яғни, жердің пайдалану мақсатын өзгертіп, бөлудің кесірінен болған.

«Қазіргі таңда облыста 674 саяжай бар. Оның барлығы сегменттеудің кесірінен пайда болған. Кейіннен ол жаққа адамдар тұрақты тіркеліп, 183 мың халық мекен етеді. Ал тіркеуі жоқтарды есептегенде, аталған санды екі есе көбейтуге болады. Біз үшін үлкен проблема – осы. Ол жаққа не инженерлік жүйелерді тарта алмаймыз, не жолын кеңейтіп, мектеп сала алмаймыз. Бірақ, адамдар тұрып жатқан соң, саяжайларға елдімекен статусын бермек ниеттеміз. Биыл 200-ге жуық саяжай ауыл қатарына енеді. Былтырдан бастап сегменттеуге хаттама бойынша шектеу қойдық, аудан әкімдеріне жеткіздік. Бұған дейін жол берілген жағдайлардың зардабы көп болып тұр», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Жер қатынастарына байланысты облыс әкімі:

  • аудандар мен Қонаев қаласының әкімдеріне жер комиссияларының жұмысын Жер кодексінің талаптарына сәйкес келтіруді;
  • әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуді;
  • полиция департаментіне саяжай массивтеріне адамдардың тіркелуін уақытша немесе шартты етудің жолдарын қарастыруды тапсырды.

Екінші мәселеге тоқталған Марат Сұлтанғазиев білім саласындағы жемқорлық облыс үшін «қара дақ» екенін айтып, мәселенің шешімін табу керектігін тілге тиек етті.

«Мектептерде есепшілердің жұмысы қиын емес. Бухгалтерияны орталықтандыруды ұсынамын. Сонда бақылау да оңай болады. Білім саласы өзін-өзі реттеуі қажет», — деді өңір басшысы.

Сыбайлас жемқорлық деректеріне байланысты облыс әкімі білім басқармасының басшысына бухгалтерлік қызметтің жұмысын бақылауға алып, жемқорлық фактілері анықталса, оны мемлекетке қайтару жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен қатар әкім жолдарды салуда сапалы құрылыс материалдары қолданылып жатыр ма, соны тексеру керектігін атап өтті.

«Жолды салған құрылыс компаниясы жұмысты дер кезінде аяқтап, мемлекетке өткізгенімен, бір жылда шұрық-тесік болады. Бұл өз кезегінде «жол салып жатқанда жемқорлық фактісі орын алған» – деген күдік тудырады. Компаниялар құрылыс материалдарын тиісті лабораториядан өткізіп барып, қолдансын», – деді ол.

Жиын соңында Марат Сұлтанғазиев Антикорға ауыл шаруашылығы саласына мониторинг жасауды ұсынды.

Жалпы осы жылдың екінші жартыжылдығында Антикор автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі, экология, архитектуралық жоспарлау тапсырмасы салаларына талдау жүргізбек.

Тегтер: Алматы облысыантикоркомиссия отырысыҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 778 мыңнан астам әйел тұрады — статистика

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Таяу Шығыстан 2,4 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды – СІМ

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz