Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының 18 мектебінде балалар тамақсыз қалуы мүмкін

Кәсіпкерлер тендерге қатысты туындаған мәселені шешу үшін Алматы облысының әкімдігіне жүгінді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.09.2022
Аймақ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаевпен кездесуде кәсіпкерлер Еңбекшіқазақ ауданында мектепті тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді белгісіз компания жеңіп алғанын айтты. Кәсіпкерлердің айтуынша, компанияның бұл салада тәжірибесі жоқ және қызмет көрсететін компанияны ауыстыру процедураларына байланысты балалар біраз уақыт тамақсыз қалуы мүмкін.

«Еңбекшіқазақ ауданында белгісіз компания 18 мектепте қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетуге тендер жеңіп алды. Біздің қойған талаптарымызға мүлдем сәйкес келмейді. Біз компанияның бұл салада тәжірибесі жоқ екенін тексеріп білдік. Осы жағдайды шешуді сұраймын», — деді кәсіпкер Зәмзәгүл Мамырбаева.

Сонымен қатар, тағы бір кәсіпкер, балабақша иесі Гүлзайра Құсманова 7 мың бала балабақшаға субсидия алу үшін кезекте тұрғанын, бірақ белгісіз себептермен тендер өткізілмей жатқанын айтты.

«7 мың бала кезекте тұр. Бір жылдан бері тендер өткізілмейді. Балабақшаның барлық құрылтайшылары өз есебінен балаларды тамақпен қамтамасыз етеді, жұмыс орындарын ашады, жалдау ақысын төлейді және т.б. Жыл аяқталып жатса да осы мәселе шешілер түрі жоқ», — деді ол.

Әкімнің орынбасары бизнес-қоғамдастықтың сұраулары бойынша мәселені қарауға уәде берді.

«Сұрауларыңызды білім басқармасына жеткіземіз және оған ресми түрде жауап береміз», — деді Дәндібаев.

Тегтер: мектепоқушы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz