Жамбыл ауданында орналасқан «Tau Lend» жазғы сауықтыру лагеріне 28 шілдеде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру жұмыстарын Жамбыл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары және аудандық прокуратура бірге атқарды. Тексеру кезінде балаларды орналастыру бойынша, дезинфекциялық режимнің сақталмауы сынды құқықбұзушылықтар анықталды. Анықталған материалдар шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілді.





